Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

«2014 жылғы 12 қарашадағы Еуразиялық экономикалық комиссияның бәсекелестіктің бірыңғай қағидаларының сақталуын бақылау жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыруы кезінде құпия ақпаратты қорғау тәртібі және оны жария еткені үшін жауаптылық туралы келісімге Армения Республикасының қосылуы туралы хаттаманы ратификациялау туралы»

12.01.2021 0

Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде мүше мемлекеттер үшін монополияға қарсы заңнаманы жақсарту бөлімінде бірыңғай үйлестірілген саясатты жүргізуге қолайлы жағдайлар жасалды.

Еуразиялық экономикалық комиссия бәсекелестіктің жалпы қағидаларының сақталуына, оның ішінде егер бұл бәсекелестікке теріс ықпал ететін болса, трансшекаралық нарықтардағы бұзушылықтардың жолын кесу бойынша бақылауды жүзеге асырады.

Еуразиялық экономикалық комиссия трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуы туралы өтініштерін қарау, тергеу жүргізу және істерді қарастыру кезінде құпия ақпаратты қорғау тәртібі және оны жария еткені жауапкершілік туралы құпия ақпарат келісім нормаларымен қорғалады.

Бұл келісімге 2014 жылы 12 қарашада Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы және Беларусь Республикасымен бірлесіп қол қойылған. Ратификацияланатын хаттамаға сәйкес Армения Республикасы келісімге қосылады.

Армения Республикасының осы келісімге қосылуын оның  Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің субъектілеріне қатысты трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы қағидаларының сақталуын бақылау жөніндегі Еуразиялық экономикалық комиссияның өкілеттігін іске асыруға толық құқықты қатысуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді және теріс әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық салдарларға әкеп соқпайды.

 

Бөлісу