жазғы кезеңдегі өңірдегі жұмыс есебі
Жеңіс Нұрғалиев Қостанай облысына жұмыс сапары аясында демалыс кезінде халықпен, атқарушы және өкілетті биліктің жергілікті активімен, "Нұр Отан" ХДП, аграрлық кәсіпорындар мен әлеуметтік сала ұжымдарымен кездесулер өткізді. Кездесуде аграрлық секторды қолдауға, кәсіпкерлікті қолдауға, сондай-ақ әлеуметтік қорғауға байланысты мәселелерге ерекше назар аударылды, республиканың бірінші жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары талқыланды.
Қостанай қаласының, Денисов, Федоров, Сарыкөл аудандарының жұртшылығымен кездесулерде депутат Сенаттың заңнамалық қызметі туралы айтып, алдағы кезеңге арналған заң шығару қызметінің жоспарларын талқылады.
Жұмыс сапары барысында кездесу қатысушылары проблемалық мәселелерді көтерді, аталған мәселелер бойынша орталық мемлекеттік органдардың басшыларымен кездесулер өткізілді, сондай-ақ хаттар дайындалып және жіберілді.
Өңірде жұмыс әріптестермен бірге жүргізілді.