Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Сенаты

Новости

Қостанай облысының Сарыкөл ауданына сапар барысында Сенатор Ж. М. Нұрғалиев орталық аудандық ауруханаға барды.

09.01.2020 0

Қостанай облысының Сарыкөл ауданына сапар барысында Сенатор Ж. М. Нұрғалиев орталық аудандық ауруханаға барды.

Депутат алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету жүйесімен және стационардың жұмыс жағдайымен танысты.

Аурухана қызметкерлерімен және келушілермен қарым-қатынас барысында пациенттермен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға көшу мәселелері талқыланды.

Әңгіме барысында амбулаториялық науқастарды тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жеке тақырып болды.

Аурухананың бас дәрігері депутатты Халыққа қызмет көрсетуді цифрландырудың барлық кезеңдерімен таныстырды.

Депутат аудандық орталық аурухананың медициналық қызметкерлері, алғашқы буын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізуге толық дайын екендігіне сенім білдірді. Медициналық ұйымдардың қызметкерлері тиісті оқудан өтті.

 

Бөлісу