Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

«Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Комитет отырысында қаралды.

02.12.2021 0

«Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 99-тармағын орындау үшін әзірленді.

Заң жобасының негізгі мақсаты жануарларды қорғау, олардың қауіпсіздігін, жануарларға қарау кезінде азаматтардың құқықтары мен өзге де заңды мүдделерін қамтамасыз ету, сондай-ақ жануарларға қарау кезінде адамгершілікті нығайту және қоғамның ізгілік қағидаттарын сақтау мақсатында оларға жауапкершілікпен қарау саласындағы қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу болып табылады.

Бөлісу