Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Сенаты

Өмірбаяны

Сұлтанов
Ерік
Хамзаұлы

1956 жылы 24 наурызда Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Жаңажол ауылында дүниеге келген.

Қарағанды политехникалық институтын (1978), Д.М. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін (2005) тамамдаған.

Еңбек жолын 1978 жылы «Екібастұзшахтақұрылыс» комбинатында механик болып бастады, кейін бас инженер, комбинаттың кәсіподақ комитетінің төрағасы болды.

1992 жылы Екібастұз қаласындағы Ағаш өңдеу комбинатының директоры. 1993 жылы Екібастұз қалалық әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды.

1994 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің XIII шақырылымының депутаты болып сайланды.

1995 жылдан 1998 жылға дейін ҚР Еңбек министрлігі Еңбекті қорғау департаментінің бастығы, «Екібастұзшахтақұрылыс» АҚ президенті, Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстық комитеттерінің төрағасы болып жұмыс істеді.

1998 жылы Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

1999 жылдан бастап, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі жүйесінде басшылық қызметте жұмыс істеді.

2006 жылы - Астана қаласы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары.

2008 жылы «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ вице-президенті болып тағайындалды.

2013 жылы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы.

2014 жылдан 2017 жылдың наурызына дейін Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

2017 жылғы маусымда Солтүстік Қазақстан облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып сайланды.

Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің мүшесі.

«Парасат» және «Құрмет» ордендерімен, үш медальмен марапатталған.