Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Сенаты

Новости

Ерік Сұлтанов жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына барды

07.07.2021 0

Ерік Сұлтанов пен Ольга Перепечина Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарын Аққайың ауданынан бастады.

Сапардың алғашқы нысаны - «Иван Зенченко» ЖШС-нің сүт-тауар фермасы.

1 600 бас ірі қара малға арналған заманауи кешен осы саладағы облыстағы ірі жобалардың бірі болып табылады.

Ерік Хамзаұлы пен Ольга Валентиновна Солтүстік Қазақстан облысында сүтті мал шаруашылығын дамытудың маңыздылығын, сондай-ақ ауыл шаруашылығын одан әрі жаңғырту және цифрландыру қажеттігін атап өтті.

Одан кейін сенаторлар Астраханка ауылына барды. Мұнда Ерік Сұлтанов пен Ольга Перепечина «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында еліміздің оңтүстік өңірлерінен қоныс аударған азаматтардың бейімделу барысымен танысты.

«Бұл бағдарлама елдің солтүстік өңірлерінен халықтың кетуін азайтуға және өңірдің адами және кадрлық әлеуетін жақсартуға мүмкіндік береді. Бұл жұмыстың маңыздылығы оның Солтүстік Қазақстан облысын дамытудың Кешенді жоспарына енгізілуімен айқындалады», - деді Ерік Сұлтанов.

Айта кету керек, ағымдағы жылы Астраханка ауылында бағдарламаға қатысушылар үшін тағы 15 үй салу жоспарланған.

Сенаторлар барған келесі нысан Қызылжар ауданы Чапаев ауылындағы симментал тұқымды 720 бас асыл тұқымды малға арналған сүт-тауар кешені болды.

Кешеннің директоры Олжас Бектасов Сенат депутаттарын аграрлық кәсіпорын жұмысының барлық құрылымымен таныстыра отырып, негізгі өндірістік-шаруашылық көрсеткіштердің оң динамикасын көрсетті.

«Қазіргі уақытта мемлекет шаруаларға коллосалды қолдау көрсетуде. Өңірде сүтті мал шаруашылығын дамыту бойынша бағдарламалар табысты жұмыс істеуде. Алдағы уақытта саланы қаржыландыру мемлекеттік қолдау мен жеке инвестициялар есебінен ұлғаяды деп ойлаймын» - деп атап өтті Ерік Сұлтанов.

Сапардың бірінші күнінің соңында Ерік Сұлтанов пен Ольга Перепечина CLAAS ауыл шаруашылығы техникасын құрастыру зауытының өндірістік үй-жайларының құрылысымен танысты.

Бөлісу