Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Сенаты

Новости

Ерік Сұлтанов облыстық және қалалық мәслихат депутаттарымен кездесу өткізді

08.07.2021 0

Ерік Сұлтанов пен Ольга Перепечина 8 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысында жұмыс сапарымен болып, облыстық және қалалық мәслихат депутаттарымен кездесу өткізді.

Кездесуді ашқан Ерік Хамзаұлы: «Ағымдағы жылдың 15 қаңтарынан бастап Парламент Сенаты 63 заң жобасын қарап, қабылдады. Олардың барлығы қоғамдық өмірдің түрлі салаларын қамтиды және Мемлекет басшысы белгілеген барлық негізгі бағыттар бойынша реформаларды іске асыруға бағытталған».

Сондай-ақ, сенатор кездесуге қатысушыларды жер қатынастары саласындағы заңнамадағы өзгерістер, сайлау, Мемлекеттік сатып алу және туризмді дамыту туралы хабардар етті.

Қабылданған елдегі әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту туралы Заңға да ерекше назар аударылды, ол халықтың әлеуметтік осал топтарына қолдау көрсетуге және өзекті мәселелерді шешуге бағытталған.

Ольга Валентиновна, өз кезегінде, жүргізіліп жатқан бюджет саясатының маңызды аспектілеріне және әлеуметтік саладағы жобаларды қаржыландыруға егжей-тегжейлі тоқталды.

Одан әрі кездесу диалог түрінде жалғасты.

Қорытындылай келе, Ольга Перепечина: «Бізде қазір жазғы демалыс, өңірлерде жұмыс бар. Біз сізді кездестіреміз, естиміз, тыңдаймыз. Содан кейін, 1 қыркүйекте, қайтып келгенде, сессияның ашылуы болады. Бүгінде еліміздің әрбір өңірінде тұрған барлық мәселелер мен міндеттерді іске асыру үшін жұмыс істейтін боламыз».

Сол күні Сенат депутаттары Мағжан Жұмабаев ауданындағы бірқатар нысандарды аралады.

Бірінші нысан Полудино ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пункт болды.

Аудандық аурухананың бас дәрігері Сәкен Әмрин сенаторларға жүргізілген күрделі жөндеуден кейін медициналық нысанның жабдықталуы туралы хабарлады.

Ерік Хамзинұлы: «Күрделі жөндеу жақсы орындалды. Ауыл тұрғындары үшін қолайлы жағдайлар және әсіресе пандемия кезінде сапалы кеңес пен ем алу мүмкіндігі пайда болды».

Сондай-ақ сенаторлар халықты вакцинациялау барысына назар аударып, бұл жұмысты уақтылы жүргізудің маңыздылығын атап өтті.

Бұдан әрі Ерік Сұлтанов пен Ольга Перепечина Полудино ауылында 2020 жылы іске асырыла бастаған заманауи сүт кешенінің құрылысы жобасымен танысты.

Сенат депутаттары Мағжан Жұмабаев ауданы бойынша жұмыс сапарын жалғастыра отырып, инфрақұрылымдық жобалармен танысты.

Атап айтқанда, Ерік Сұлтанов пен Ольга Перепечина «Булаево - Возвышенка - Молодогвардейское - Киров - Қиялы - Рощинское» автожолының жөндеу барысын, сондай-ақ Возвышенка ауылындағы тарату желілері мен су айдауыш құрылыстар алаңын реконструкциялау барысын тексерді.

Жұмыс сапарының соңында сенаторлар қара бидай ұнын ұнтақтауға, сондай-ақ нан-тоқаш өнімдерін өндіруге маманданған «Фиксель» ЖК ұн тарту диірменінің еңбек ұжымымен кездесу өткізді.

Бөлісу