Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Сенаты

Новости

Ерік Сұлтанов өңірдің әлеуметтік кәсіпкерлерімен кездесті

09.07.2021 0

9 шілде күні Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің алаңында Ерік Сұлтанов пен Ольга Перепечина әлеуметтік кәсіпкерлермен кездесті.

Кездесу барысында сенаторлар Қазақстан Республикасында әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту туралы қабылданған заңның негізгі жаңалықтарын түсіндірді.

«Алғаш рет заңнамалық деңгейде әлеуметтік кәсіпкерлік ұғымы анықталды. Сондай - ақ, оның негізгі үш міндеті заңнамалық түрде бекітілген», - деп атап өтті Ерік Сұлтанов.

Айта кету керек, бұл заң шақырылған кәсіпкерлердің қызығушылығын тудырды. Сондықтан олардан келіп түскен барлық сұрақтарға тиісті түсініктемелер берілді.

Кездесу соңында Сенат депутаттары өңірдің әлеуметтік кәсіпкерлеріне өз ісін дамытуда табыс тіледі.

Сол күні Ерік Сұлтанов Мамлют ауданының бірқатар нысандарын аралады..

Сенатор Мамлютка қаласында «Мамлютка қаласының айналма жолы» автожолына күрделі жөндеу жүргізу және 30 пәтерлі тұрғын үй салу барысын тексерді.

Сондай-ақ, Сенат депутаты биыл салынған «Тарлан» хоккей кортына барып, аталған жобаның жергілікті халық үшін маңыздылығын атап өтті.

Бұдан кейін Ерік Хамзинұлы аудан шаруаларымен кездесті.

Сенатор Новомихайловка ауылында мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында салынған полицияның жаңа тірек пунктінің жұмысымен танысты.

«Полицияның осындай тірек пункті әрбір ауылдық округте болуы тиіс деп есептеймін. Бұл біздің халықтың қауіпсіздігі үшін маңызды», - деп атап өтті Ерік Сұлтанов.

Соңғы нысан Мингесор көлі болды, онда Сенат депутаты жағалаудағы аумақты абаттандыру жұмыстарының барысымен танысты.

Бөлісу