Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Ерік Сұлтанов Ғабит Мүсірепов атындағы ауданға барды

11.07.2021 0

Ерік Сұлтанов Солтүстік Қазақстан облысы бойынша жұмыс сапарын жалғастыра отырып, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда болды.

Мұнда сенатор Новоишим ауылында кәріз желілері мен тазарту құрылыстары, сондай-ақ 50 пәтерлі тұрғын үй құрылысының барысын қарап шықты.

Бұдан кейін Ерік Хамзаұлы аудандық мәдениет үйінің күрделі жөндеуден өткен жұмысымен танысты.

Сенат депутаты Привольное ауылында «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында еліміздің оңтүстік өңірлерінен қоныс аударған азаматтармен кездесті, сондай-ақ мал шаруашылығы фермасына барды.

Сол күні Ерік Сұлтанов Айыртау ауданында болды.

Сүт өңдеу кәсіпорнының жұмысымен танысқан сенатор: «Аудан тұрғындарынан сүт қабылдау лайықты бағамен жүзеге асырылуы тиіс. Ауданның барлық сауда нүктелерін жергілікті сүт өнімдерімен қамту қажет».

Бұдан әрі Ерік Хамзинұлы ауа тіреуіш құрылыс технологиясы бойынша салынып жатқан облыстағы жалғыз көпфункционалды спорт кешенінің құрылыс барысын қарап шықты.

Сенат депутаты құрылыс алаңын қарап шығып, қаражаттың жұмсалуына қатаң бақылау орнату, сондай-ақ спорт нысанының уақтылы іске қосылуын қамтамасыз ету қажеттігіне назар аударды. 

Бөлісу