Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

«1993 жылғы 22 қазандағы Қазақстан Республикасы мен Моңғолия арасындағы азаматтық және қылмыстық істер бойынша өзара көмек туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

09.02.2021 0

«1993 жылғы 22 қазандағы Қазақстан Республикасы мен Моңғолия арасындағы азаматтық және қылмыстық істер бойынша өзара көмек туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының  жобасын (бұдан әрі – заң жобасы) әзірлеуші Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі болып табылады.

Заң жобасын әзірлеу мақсаттары:

Заң жобасының мақсаты 2019 жылғы 10 қазанда Нұр – Сұлтан қаласында жасалған 1993 жылғы 22 қазандағы Қазақстан Республикасы мен Моңғолия арасындағы азаматтық және қылмыстық істер жөніндегі өзара көмек туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы (бұдан әрі-Хаттама) ратификациялау болып табылады.

Негізгі мақсаттары болып табылады:

- осы Шарттың 4-бабына Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік соттардың шешімдері мен өтінішхаттарын орындау саласында құқықтық көмек көрсету бойынша сот органдарының функцияларын нақтылау, сондай-ақ Қазақстан тарапынан орталық органдарды өзгерту бөлігінде өзгерістер енгізу;

-Бас Прокуратураның қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету жөніндегі функцияларын нақтылау бөлігінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің жаңа редакциясының қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің құзыретін көздейтін Шарттың 27-бабын алып тастау.

Заң жобасының негізгі міндеті екі мемлекеттің құзыретті органдары арасындағы азаматтық және қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету мәселелері жөніндегі ынтымақтастықты нығайту болып табылады.

Осы Хаттаманың іске асырылуына Қазақстан Республикасынан Жоғарғы Сот, Бас Прокуратура және Әділет министрлігі жауапты құзыретті органдар болып айқындалды.

 

Келісім ратификацияланғанда азаматтық және қылмыстық істерді қарауда тиімді құқықтық көмек көрсету және екі елдің арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту үшін жағдай жасалады.

Бөлісу