Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Сенаты

Новости

Батыс-Қазақстан облысына жұмыс сапары

07.07.2021 0

Сенат депутаттары Нариман Төреғалиев пен Ләззат Рысбекова Батыс Қазақстан облысындағы Сырым, Теректі және Бәйтерек аудандарының шаруа қожалықтарында болып, олардың басшыларымен және қызметкерлерімен кездесті.

Сенаторлар фермерлермен жүздесу кезінде жем-шөп дайындау жұмыстарының барысын талқылады. Сондай-ақ кездесу барысында жем-шөп жинау жабдықтары мен техникасына бағаның өсуі мәселесі көтерілді. Депутаттар бұл мәселе ел басшылығының бақылауында екенін және өз тарапынан туындаған проблемаларды шешуге белсенді түрде жәрдемдесетінін атап өтті. Сонымен қатар фермерлер субсидиялар беру ережелері жиі өзгеріп отыратындығына да алаңдаушылық білдірді. Бұл ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін қолайсыздықтар туғызады және оларға өз қызметін жоспарлауға мүмкіндік бермейді. Депутаттар бұл мәселені Сенатта қарау аса маңызды болатынын атап өтті.

Сондай-ақ Сенаторлар, Қаратөбе, Ақжайық, Бөрлі және Шыңғырлау аудандарында да болды. Сенаторлар ауыл тұрғындарымен кездесу барысында оларға өткен сессия барысында қабылданған заңдардың негізгі ережелері туралы айтып берді. Депутаттар жол, көппәтерлі үй және спорт кешені құрылыстарының барысымен танысты. Олар атқарылатын құрылыс жұмыстарының сапасын сақтау және бөлінген қаражаттың игерілуін тиімді бақылау қажеттігін мердігерлер мен әкімдіктің есіне салды.

 

Бөлісу