Н. Төреғалиев Орал қаласының Ж.Молдағалиев атындағы №2 жалпы орта білім беретін мектебінің ұжымымен кездесті
Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының Ж.Молдағалиев атындағы №2 жалпы орта білім беретін мектебінде мектеп ұжымының қатысуымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Әлеуметтік мәдени даму және ғылым комитетінің хатшысы Нариман Төреғалиевпен кездесу оздырылды.
Кездесу барысында 5 маусымда өтетін республикалық референдумда ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелерімен таныстырып, қолданыстағы заңдар мен жаңа енгізілетін өзгерістер бойынша ой бөлісті.
Талқылау барысында ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу – бұл Жаңа Қазақстанның дамуы үшін жаңа кезең екені айтылды. Жер қойнауының байлығы, табиғи ресурстар халықтың қазынасына айналуы және тиесілі болуы, адам өмірінің құндылығына ерекше мән берілуі және Конституциялық кеңестің қызметі Конституциялық сотқа бағытталуы, ондағы өзгерістер Қазақстанның құқықтық саласы дамуына үлкен ықпал етпекші.
Кездесуде ұжым мүшелері ұстаздар қауымын баспанамен қамту, мүгедек балаларды емдеу және оңалту орталықтарын ашу, әйел қауымының зейнеткерлікке шығу жасын төмендету мәселелері бойынша сұрақтар қойып, жауап алды.
Конституциядағы тың өзгерістер Қазақстанның жаңаша дамуына бәсекеге қабілетті болуына үлкен серпіліс береді. Қазақстан Республикасының ұлтжанды азаматтары алдағы болатын референдумның маңыздылығын түсініп, үлкен жауапкершілікпен ел болашағы үшін болатын өзгеріске үлес қосатынына сенім білдірді.