Н. Төреғалиев Орал қаласы Құрманғазы атындағы саз колледжінің ұжымы және студенттерімен кездесті
Ағымдағы жылдың 27 мамыр күні Орал қаласы Құрманғазы атындағы саз колледжінде Қазақстан Республикасы Парламенты Сенатының депутаты Нариман Төреғалиевпен кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу барысында колледж ұжымы мен студенттерге 5 маусым күні өткізілетін референдумның мәні мен маңызы туралы, Қазақстан Республикасы Конституциясының, конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша мәселелер жөнінде түсіндірілді.
Педагогтар мен студенттер көкейтесті сұрақтарын қойып, өз ұсыныстар мен пікірлерін білдірді.
Н. Төреғалиев тарихи шешім қабылдауда бірлігімізді көрсетіп, еліміздің даму жолында республикалық референдумда әр азаматтың дауысы маңызды екенін айтып, референдумға белсенді қатысуға шақырды.