Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Сенаты

Новости

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Қаржы және бюджет комитеті, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Д.Назарбаеваның тапсырмасы бойынша «Қошқар-Ата қалдық қоймасын қайта қалпына келтіру» жобасына байланысты ү.ж. 21 қазан сағат 10:00 –де 401 бөлмеде жұмыс тобының отырысы өткізілді

21.10.2019 0
                           

Қазіргі заман талабына сай экология мәселесі, көп  елдерде алдыңғы қатарда тұр.

Біздің мемлекетіміздің  де осы тұрғыдан алға қойған мақсаттары бар.

Осындай мәселелердің бірі, өзіңізге белгілі, Маңғыстау облысындағы,  «Қошқар Ата» радиоактив аралас, қалдық қоймасы.

Аталған қойма Каспий теңізінен 7 шақырым, Ақтау қаласынан 3 шақырым, Басқұдық аулынан 150 метр қашықтықта орналасқан.

        Жылдан жылға,  қалдық  қоймасындағы  су  деңгейі  төмендеуі салдарынан, радиациялы және улы заттар кеуіп, шаң тозаң арқылы, ауаға тарап жатқаны, ғылыми- практикалық тұрғыдан дәлелденді.

Сонымен қатар, Каспий теңізіне де, қауіп төніп тұрғаны жасырын емес.

Осы қауіпті жағдайлар ескеріліп, 2018 жылғы Республикалық бюджеттен, бастапқы 2 млрд  теңге, Энергетика министрлігі бюджетіне  бөлінген.

Ал, 2019-2021 жылдарға арналған бюджетте, 15 млрд теңге қарастырылған болатын.

Бірақ, осындай ауқымды және тұрғындар үшін өте маңызды мәселе, сапасыз жоспарлаудың әсерінен, Энергетика Министрлігімен 2018 жылға бөлінген, 2 млрд теңге  уақытылы игерілмей қалған.  Ал 2019-2021 жылдарға бөлінген 15 млрд теңге болса,  бюджеттен мүлдем алынып тасталған.

Экологиялық апат орны, «Қошқар –Ата» қоймасын залалсыздандыру,  қашан шешілуі мүмкін?

Бөлісу