Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Сенаты

Новости

2019 жылғы 4 желтоқсанда Қаржы және бюджет комитеті келесі Заң жобаларын талқылау бойынша комитет отырысын өткізді: 1. «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» және 2. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік қамсыздандыру және денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

04.12.2019 0

2019 жылғы  4 желтоқсанда  Қаржы және бюджет комитеті келесі Заң жобаларын талқылау бойынша комитет отырысын өткізді:

 

  1. «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» және
  2. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік қамсыздандыру және денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

 

Аталған заң жобаларын  талқылауға   Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице –мнинистрі Аукенов Ерлан Мұратұлы, Әлеуметтік сақтандыру, базалық әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру саясаты департамент директоры Шегай Виктория Вильгельмовна,  Әлеуметтік сақтандыру, базалық әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру саясаты департаменті Міндетті әлеуметтік сақтандыру басқармасының басшысы Тохтиев  Рамиль Аркинович, Әлеуметтік көмек саясатын дамыту департаменті Азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау істері басқармасының басшысы Ниязов Асқар  Нұрланұлы, Әлеуметтік қызметтер саясатын дамыту департаменті директоры Садвокасова  Дамежан Толеубаевна, Заң қызметі департаменті директорының орынбасары Таурабаева Айнур Александровна, Заң қызметі департаменті Құқықтық сараптама және талдау басқармасының басшысы Оқасова Балнур Жайлауханқызы, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры АҚ-ның бас директоры Құрманов Алмас Мухаметкәрімұлы, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры АҚ-ның департамент директоры Болатбекова Гүлбағила Қоңырбайқызы,, Қазақстан Республикасының  Денсаулық сақтау министрлігі  Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" Халықпен жұмыс жасау департаментінің менеджері Султанова Ақтолқын Ақылбекқызы - " Қазақстан Республикасы  Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Берешектермен жұмыс басқармасы басшысының орынбасары Нұртазина Нағима Тұрсынқызы қатысты.

Заң жобаларын әзірлеу Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінде еңбек өтілі мен әлеуметтік төлем мөлшерінің арасындағы өзара байланысты күшейтуге қатысты тапсырмасымен негізделген.

Заң жобасын қабылдаудың мақсаты Қазақстан Республикасында міндетті әлеуметтік сақтандырудың құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық негіздерін мынадай бағыттар бойынша күшейту болып табылады:

- міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінде еңбек өтілі мен әлеуметтік төлем мөлшерінің арасындағы өзара байланысты күшейту;

- жұмыс істейтін азаматтардың әлеуметтік қорғалуын арттыру;

- еңбек мотивациясын және формалды жұмыспен қамтуға қызығушылықты күшейту.

Заң жобасын қабылдау нәтижесінде әлеуметтік төлемдерді тағайындау параметрлері қайта қаралатын болады:

1. қатысу өтілінің қазіргі градациясын сақтап қалу. Бұл ретте, қатысу өтілі 60 айдан асатын міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар үшін әлеуметтік төлемнің мөлшерін еңбек өтілінің әрбір 12 айы үшін 2%-ға арттыру ұсынылады.

2. еңбек ету қабілетінен айырылуы бойынша әлеуметтік төлемді айқындау кезінде медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшелерімен белгіленген жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу деңгейінің тиісті коэффициентін қолдану ұсынылады (30%-дан 100%-ға дейін).

3 асыраушысынан айырылған отбасыларға әлеуметтік төлемнің мөлшерін арттыру мақсатында асырауындағылар санының қолданыстағы коэффициентін: асырауында бір адам болса – 0,5-ке, асырауында екі адам болса – 0,65-ке, асырауында үш адам болса – 0,8-ге, асырауында төрт және одан көп адам болса – 1-ге арттыру ұсынылады

4. жұмысынан айырылуы бойынша әлеуметтік төлем үшін коэффициентті 0,3-тен 0,4-ке арттыру және жүйеге қатысу өтіліне байланысты жұмысынан айырылуы бойынша әлеуметтік төлемнің ұзақтығын 4-тен 6 айға дейін ұзарту ұсынылады.

Бағалау мәліметтері бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің өсуі 30%-дан кем емес мөлшерді құрайды. Бұл азаматтардың формалды жұмыспен қамтылуына қызығушылығын арттырады, жұмыс істейтін азаматтардың әлеуметтік қорғалуын күшейтеді және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысуға ынталандыратын болады.

Жобаны іске асыру республикалық бюджеттен қосымша қаржылық шығындарды талап етпейді және теріс әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.

Сонымен қатар, ілеспе  «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік қамсыздандыру және денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасын әзірлеу қажеттілігі бірнеше заңнамалық актілерді «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына сәйкес келтірумен байланысты – екендігін айтты.

Заң жобасын талқылау барысында депутаттар: көрсетілетін қызметтер мен оңалту құралдарын жеткізушіні  өз бетінше таңдау құқығын қамтамасыз ететін әлеуметтік қызметтер порталы туралы, АӘК көрсетудің жаңа моделі туралы және қолдау шараларының кешенді тәсілі мен атаулылығы туралы, мұқтаждық критерийлерін анықтау ережелері туралы және т. б. сұрақтар көтерді.

     Заң жобасын талқылау нәтижесінде комитеттің оң қорытындысын Әлеуметтік –мәдени даму және ғылым  комитетіне жіберу туралы шешім қабылданды

 

 

 

 

, ,

Бөлісу