Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Сенаты

Новости

2019 жылғы 19 желтоқсанда Қаржы және бюджет комитеті келесі Заң жобасын талқылау бойынша комитет отырысын өткізді: 1. «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңы»

19.12.2019 0

Өзінің баяндамасында вице- министр  Шолпанқұлов Б.Ш Үкімет Астана Халықаралық Қаржы Орталығының қызметін одан әрі дамыту мақсатында осы Орталықпен  бірлесіп тиісті Заң жобасын әзірлегені туралы айтты.  

Заң Жобасы Жалпыұлттық жоспардың 27-тармағын (Мемлекет басшысының 2018 жылғы 5 қазандағы Жолдауы), «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 71-тармағын және Президент жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 29-жалпы отырысының хаттамалық тапсырмасын (27.05.2016ж.) орындау үшін әзірленді.

Заң жобасымен ұсынылып отырған түзетулерді 2-блокка бөлуге болады:

Бірінші блок – бұл инвестициялық салық резиденттігі;

Екінші блок - Астана Халықаралық Қаржы Орталығының қызметіне байланысты нақтылаушы нормалар.

Бірінші блок Инвестициялық резиденттік бағдарламасы-қазіргі әлемде кең тараған құбылыс.

Қазақстанда инвестициялық виза мен елдің салық резиденттігін алуды көздейтін Астана халықаралық қаржы орталығы базасында инвестициялық салық резиденттігі бағдарламасын қолдану ұсынылады.

Салықтық резиденттік бағдарламасы Астана халықаралық қаржы орталығы актісімен бекітіледі, бірақ міндетті түрде уәкілетті мемлекеттік органдармен (ҰЭМ, СІМ, ІІМ, ҰҚК, Қаржымині) келісілетін болады.

Енгізілетін инвестициялық резиденттік қағидаты шетелдік инвестицияларды тарту үшін тартымды орта құруға негізделген. Оның орнына Астана халықаралық қаржы орталығы инвестициялық резидентінің Қазақстан Республикасының визаларын алуға (мерзімі 5 жылға дейін) және әлемдік табыстар бойынша жеке табыс салығын төлеуден босатуға құқығы болады.

Бұл жерде салықтық босату Қазақстан Республикасында 90 күн тұрғаннан және бюджетке міндетті төлем төлеуден (7000 АЕК) кейін ғана басталатынын атап өту маңызды. Бюджетке міндетті төлем инвестицияларға қатысы жоқ (кемінде 60 000$), оларды инвестициялық резидент бағдарламаның басында салуға тиіс.

Осы шара өз салық шығыстарын оңтайландыруға ұмтылатын инвесторларға бағытталған, сонымен еліміздің инвестициялық тартымдылығы арттырылады. 

Сонымен қатар, түзетулердің екінші блогы «Астана» халықаралық қаржы орталығының қызметімен байланысты нақтылайтын нормаларды қамтиды.

Осылайша, Астана» халықаралық қаржы орталығының органдары сатып алу рәсімдерін реттейтін актілерді қабылдауға құқылы болады.

«Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» жаңа Заңға сәйкес келтіру мақсатында сондай-ақ нақтылайтын түзету енгізілгені туралы - айтты.

Талқылау барысында депутаттар, «инвестициялық резидент» ұғымы және «инвестициялық салық резидентурасы» бағдарламасы туралы және қаржылық қызметтерді сату тізімдері және тағы  да басқадай сұрақтар көтерді.

       Талқылау нәтижесінде аталған заң жобасын, комитеттің кеңейтілген отырысына шығару туралы шешім қабылданды

Бөлісу