Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Сенаты

Новости

Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы табыс пен мүлікке салынатын салықтарға қатысты заң жобасы бойынша қолдау баяндама

12.03.2020 0
   

            Құрметті  Дариға  Нұрсұлтанқызы!   Құрметті әріптестер!

Келісімнің негізгі мақсаты қосарланған салық салуды жою,  бұл шара  әрине мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қолдау және Евразиялық  экономикалық одақ  шеңберіндегі  негізгі шаралардың бірі болып табылады.

Әлемдік экономикадағы болып жатқан өзгерістер, мемлекеттердің экономикалық тұрғыдан бір-бірімен байланыстары мен өзара қатынастарын одан әрі тереңдетуді талап етіп отыр.

Бүгінгі таңда, кез келген мемлекет үшін экономикалық тұрғыдан тиімді қарым-қатынастарды үйлестіру мен нығайту – сол мемлекеттің көркеюінің басты бір кілті екені анық.

Сондықтан, экономикалық қарым қатынаста шекара жоқ, барлық мүмкіндіктерді  пайдалану қажет.

Осы орайда, ұлттық бизнесті  ынталандырып, дамыту үшін жағдай жасаумен ғана шектелмей, осындай маңызды құжаттарды да жаңартып отыру қажет.

Армения елінің жалпы ішкі өнімі көрсеткіші 8 пайызға өсіп, экономикалық жағдайы жақсаруда. Арменияның бұл тұрғыдан біздің елімізбен арадағы ынтымақтастық қатынасының да перспективасы арта түсуде.

Құрметті әріптестер! «2006 жылғы 6 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы табыс пен мүлікке салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және  салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенция және оған Хаттама шеңберінде Қазақстан Республикасының және Армения Республикасының уәкілетті органдары берген резиденттікті растайтын ресми құжаттарды тану тәртібі туралы ноталар алмасу нысанындағы келісімді ратификациялау туралы» Заңының жобасын  қолдауға шақырамын.

 

                                        Назарларыңызға рахмет!

Бөлісу