Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасына қосымша баяндама

27.10.2021 0

 

Құрметті әріптестер!

 

Заң жобасы қылмыстық кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Еуразиялық топтың өзара бағалауының екінші раундын өткізер алдында, ұлттық заңнамаға ФАТФ-тың (Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржы шараларын әзірлеу тобы) стандарттарынан туындайтын халықаралық міндеттемелерді,  мемлекеттің ішкі деңгейінде нақты іске асыру, яғни имплементациялау мақсатында әзірленген.

Жобада көрсетілген заңнамалық шаралар сарапшылардың өзара бағалау кезіндегі туындауы мүмкін ескертпелерді болдырмауға және  елімізді халықаралық ұйымдар мен Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше мемлекеттер тарапынан ықтимал экономикалық санкциялардан  сақтандыруға мүмкіндік береді.

Бұдан басқа,  еліміздегі лауазымды тұлғалардың  ақшамен және өзге мүлікпен жасайтын операциялары бойынша тиісті бақылауды заңнамалық деңгейде белгілеу көзделген. Ал қаржы мониторингі агенттігі, өз кезегінде осы адамдардың және  отбасы мүшелерінің, жақын туыстарының жеке тізімін жүргізетін болады.

Сондай-ақ,  жобада  цифрлық активтерді шығару, олардың сауда-саттығын ұйымдастыру, осы активтерді ақшаға, не болмаса  басқа мүлікке айырбастау жөніндегі қызметтерді жүргізетін тұлғаларды, қаржы мониторингі субъектілеріне жатқызу қарастырылған.

Мекеменің заңды иесі туралы мәліметтердің ашықтығын белгілеу мақсатында уәкілетті органға ұлттық тізілімінің деректеріне қол жеткізу ұсынылған.

Осы заң жобасымен, Қазақстан Республикасының төрт заңына тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. Бұл «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізімдеоі туралы»,  «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл  туралы», «Рұқсаттар және  хабарламалар туралы», «Ақпараттандыру туралы».

Жоба бірнеше жұмыс тобы отырыстарында қаралып, жан-жақты талқыланды. Сенаттың тұрақты комитеттерінің заң жобасының тұжырымдамасы бойынша ескертулері мен ұсыныстары түскен жоқ.

Құрметті әріптестер!  Баяндалғанды ескере келе, заң жобасын Сенаттың отырысына  шығаруды ұсынамын.

 Назарларыңызға рахмет!

Бөлісу