Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа реттеушілік саясатты ендіру және Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының жекелеген функцияларын қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын талқылау бойынша қосымша баяндама

13.12.2021 0

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа реттеушілік саясатты ендіру және Қазақстан  Республикасы  ішкі істер органдарының  жекелеген   функцияларын  қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 

Заң жобаcы туралы

 

 

 

 

Құрметті әріптестер!

       

        Заң жобасының негізгі  мақсаты,  кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу арқылы, оның тиімділігін арттырып, мемлекет пен бизнестің арасындағы  қарым- қатынастың  жаңа қағидатын жүзеге асыру болып табылады.

        Жобада бизнеске түсетін салмақты түбегейлі азайту, әкімшілік шығындарды төмендету, бизнеске қойылатын артық және тиімсіз талаптардың өсуін болдырмау,  заңнамалық түрде анықталған.  

        Міндетті талаптар тізілімі жасалып, ол нормативтік-құқықтық актілер және өзге де құжаттар түрінде бизнеске арналған барлық талаптардың тізбесін қамтитын бірыңғай ақпараттық ресурсты қамтиды.

        Сонымен қатар,  заң жобасында мемлекеттік бақылау және қадағалау жүйесін реформалау қарастырылып, оның жаңа  нысандары тексерулерден профилактикалық іс-шараларға көшу көзделген.

 

     Алдын алу іс-шарасы, оның ішінде тек рұқсат беру талаптарына сәйкестігін тексеру; нақты фактілер бойынша тағайындалатын жоспардан тыс тексерулер  анықталған.

        Бұл бизнеске жүктелген әкімшілік жазалау шараларын қысқартуға мүмкіншілік береді.

        Осылайша Заңнамаға ұсынылған өзгерістерді қабылдау нәтижесінде,   2025 жылға қарай мемлекеттік бақылаудың жалпы санында кәсіптік бақылауды 90  пайызға  дейін ұлғайып,  әкімшілік жауапкершілікке тартылған бизнес субъектілерінің санын 50 пайызға қысқарту көзделген.

        Заң жобасы,  жұмыс тобының отырысында қаралып, жобаны  дайындаушы және осы заң  жобасы аясында жұмыс істейтін барлық мемлекеттік орган өкілдерінен жауаптар алынды.

        Жоба  бойынша депутаттардан басқадай ұсыныстар түскен жоқ.

Осы орайда, Құрметті әріптестер!  заң  жобасының оң қорытындысын бас комитеттің қарауына өзгеріссіз  жіберуді сұраймын

Назарларыңызға рахмет!

Бөлісу