Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Сенаты

Новости

Депутаттың Шымкент қаласына іссапары

02.08.2021 0

2021 жылғы 2-7 тамыз аралығында депутат Н.Қ. Бекназаров Шымкент қаласында болды.

 

Сенат депутаты Нұрлан Бекназаров Шымкент қаласына сапары барысында құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен кездесті. Депутат қалалық ІІБ-де болған кезде мегаполис тұрғындарының құқықтарын қорғау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету жағдайымен танысты.

Департамент басшылығы сенаторға бейне бақылау орталығы мен полицияның заманауи мобильді бөлімшелерінің жұмысын көрсетті. Олар қалада қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 70 бейнебақылау құрылғысы орнатылғанын және халық тығыз орналасқан аудандарда 100 мобильді полиция учаскесін салу мәселесі шешілгенін айтты.

Кездесу барысында ішкі істер саласының қызметін заңнамалық қамтамасыз ету мәселелері де көтерілді. Атап айтқанда, құқық қолданудың үш деңгейлі жүйесін енгізу және халыққа "қадамдық қолжетімділік" қағидатына негізделген полиция қызметінің үлгісін заңнамалық бекіту талқыланды.

Сенат депутаты Нұрлан Бекназаров өз кезегінде еліміздің Президенті алға қойған міндеттерге сәйкес азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғауды күшейту сенатордың назарында болатынын атап өтті.

Сонымен қатар, Нұрлан Бекназаров мәслихат депутаттарымен және қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесті.

Кездесуде мегаполистің әлеуметтік-экономикалық дамуына, денсаулық сақтау саласына және тұрғын үй құрылысына қатысты мәселелер көтерілді. Сенат депутаты аталған мәселелердің өзектілігіне назар аударып, мұқият зерделегеннен кейін оларды қажет болған жағдайда заңнамалық деңгейде шешуге ықпал ететінін жеткізді.

Бөлісу