Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

2021 жылғы 25-29 қараша күндері Сенат депутаты Н. Қ. Бекназаров Қырғыз Республикасында өткен Парламенттік сайлауға Түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблеясының (ТүркПА) Халықаралық бақылау миссиясының құрамында қатысты.

28.11.2021 0

Миссия құрамына Әзербайжан, Қазақстан және Түркия парламенттерінің мүшелері, сондай-ақ ТүркПА Хатшылығының өкілдері енді.

ТүркПА Халықаралық бақылау миссиясының мүшесі ретінде «Ынтымақ», «Ишенім», «Ата-журт Қырғызстан» саяси партиялардың өкілдерімен кездесулер өткізді. Саяси партиялардың лауазымды тұлғалары өздерінің сайлауалды тұғырнамалары мен сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстарымен танысты.

Сондай-ақ, сайлау күні (28.11.2021ж.) Бішкек қаласындағы бірқатар сайлау учаскелерінде болып, сайлау учаскелерін ашудан бастап, дауыстарды санауға дейінгі дауыс беру процесінің барлық кезеңдерінде бақылауды жүргізе отырып, дауыс беру барысын бақылап, сайлаушылармен, сайлау учаскелерінің лауазымды тұлғаларымен, сондай-ақ жергілікті бақылаушылармен пікір алмасты.

Сонымен қатар, депутат 29 қараша күні Бішкек қаласында ТүркПА делегациясының атынан ұйымдастырылған Баспасөз конференциясына қатысты.
Бөлісу