Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

СЕНАТОР ЖЕРГІЛІКТІ БАҚ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

12.07.2022 0

СЕНАТОР ЖЕРГІЛІКТІ БАҚ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

 

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Н.Бекназаров Әл-Фараби атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасында қаладағы БАҚ өкілдерімен кездесіп, еркін форматта пікір алмасты. Іс-шарада БАҚ туралы заң жобасына өзгерістер енгізу, журналистердің мәртебесі, мерзімді басылымдардың бүгінгі жай күйі ,  кадр тапшылығы мәселелері талқыға түсті. 

«Ел Президентінің саяси реформаларын қолдап, Жаңа Қазақстанды, ашық әділетті қоғамды құруда бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің белсенді түрде жұмыс атқаруы өте маңызды және қоғамымыздың дамуында алатын орны ерекше. Сондықтан бұл бағытта бірлесе қызмет ету қажет», - деп түйіндеді сенатор Н.Бекназаров.

Кездесуге қатысқан БАҚ өкілдері сенат депутатына бүгінгі журналистика қызметінде шектеулер көп екендігін, ақпаратты дер кезінде алуда көп кедергілерге ұшырайтынын, БАҚ пәрменділігін арттыру үшін заңнамалық өзгерістер қажеттілігін атады. Сонымен бірге журналистердің әлеуметтік жағдайы, жалақының аздығы  сөз болды.

Сенат депутаты айтылған ұсыныс-пікірлерді тыңдап, БАҚ туралы заңға  журналистерді қорғау бойынша қосымша құқықтарды дамыту және олардың қызметін жетілдіру,журналистерді акредиттеу ережелері бойынша нормативтік құқықтық актілер әзірленіп жатқанын, БАҚ туралы заңды қайта қарау мәселесі жұмыс топтарымен министрлікте зерделеніп жатқанын мәлімдеді.

Бөлісу