Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

А. ж. 7 ақпан күні Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кезекті отырысында «Қазақстан Республикасы мен Француз Республикасы арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы» және «Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды жазаcын одан әрі өтеу үшін беру туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңдары қарастырылды.

09.02.2023 0

А. ж. 9 ақпан күні Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кезекті отырысында «Қазақстан Республикасы мен Француз Республикасы арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы» және «Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды жазаcын одан әрі өтеу үшін беру туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңдары қарастырылды.

Талқылау барысында Н. Бекназаров ҚР Бас Прокуратурасы, ҚР Ішкі істер, ҚР Сыртқы істер министрліктерінің өкілдеріне Франция мен Қазақстанның консулдық есептерінде қаншама азамат тіркеуде тұрғанын, сондай-ақ екі елдің азаматтарына қатысты қозғалған қылмыстық істердің саны бойынша сұрақ қойды. Және де, Қазақстан мен Өзбекстанның абақтыларында қаншама сотталған азаматтар ұсталатыны жөнінде сауал қойып, мәселе көтерді.

Бөлісу