Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

А. ж. 14 ақпан күні Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кезекті отырысында Н. Бекназаров «Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарының жобалары бойынша баяндамалар жасады.

14.02.2023 0

Өз сөзінде ол бұл Заң жобалары Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында дайындалғанын және әлеуметтік саладағы нормативтік құқықтық базаны өзектендіру мен реформалауға бағытталғанын мәлімдеді.

Сондай-ақ, Н. Бекназаров Әлеуметтік кодекс елдегі қоғамдық-саяси жағдайға және азаматтардың әлеуметтік қорғау саласындағы құқықтарын іске асырудағы ведомствоаралық тәсілдің тиімділігін арттырып, еңбек нарығының саласындағы саясатты дамыту мен әлеуметтік-еңбек саласындағы дағдарысты ахуалдарға жедел ден қоюға өз әсерін тигізетінін жеткізді.

Сонымен қатар, Бас комитетке аталған Заң жобалары бойынша дайындалған ұсыныстар мен ескертпелер кестелерін жолдау жөнінде ұсыныс білдірді.

Бөлісу