Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Шымкент қаласына сапары барысында сенаторлар Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова қайта жөндеуден өткен «Металлург» стадионында болып, атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты.

25.07.2022 0

Шымкент қаласына сапары барысында сенаторлар Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова қайта жөндеуден өткен «Металлург» стадионында болып, атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты.

Заманауи стадионда әкімшілік ғимарат, асхана, командалық ойындарға арналған спорт залдары, спорттық тренажерлар мен ойын алаңдары қарастырылған.

Жобалық жоспарға сәйкес, «Металлург» стадионын қайта жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың желтоқсан айында аяқталады деп жоспарлануда.

«Біріншіден, біз спорттың қолжетімділігін арттырамыз, мәдени-спорттық іс-шаралар арқылы халықты спортқа жаппай тартуды қамтамасыз етеміз, дені сау, бәсекеге қабілетті ұлтты тәрбиелейміз», - деді Нұрлан Бекназаров.

«Жаңғырту жұмыстары жүргізілгеннен кейін стадион шымкенттіктер үшін тартымды орынға айналады, сол арқылы тұрғындардың белсенді салауатты өмір салтын насихаттайды деп сенемін», - деп түйіндеді сөзін Айгүл Қапбарова.

Сондай-ақ сенаторлар жергілікті мәслихат депутаттарымен кездесіп, сенатқа Шымкент тұрғындарынан келіп түскен өтініштерді талқылады.

Бөлісу