Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

А. ж. 28 ақпан күні Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кезекті отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды.

28.02.2023 0

Заңды қабылдау мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыруға, мемлекеттік қызмет өткеру тетіктерін жетілдіруге, мемлекеттік саяси қызметшілердің жауапкершілігін арттыруға, сыбайлас жемқорлық қылмыстарының алдын алуға, «орталық» пен «өңірлер» арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға, мемлекеттік қызметшілердің ұтқырлығы мен ынта-ықыласын арттыруға серпін беретін болады.

Кездесу барысында Н. Бекназаров мемлекеттік қызметшілерді ротациялау кезінде олардың тарапынан ротациялаумен келіспеген және соттарға жүгінген фактілер орын алғандығы жөнінде сауал қойды.

Сондай-ақ, келісімшарттық қызметшілер институтын енгізу нәтижесінде олардың жауапкершілік деңгейі жөнінде мәселені қозғады.

Бөлісу