Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

А. ж. 2 наурыз күні ҚР Парламент Сенатында «2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы жобасының таныстырылымы өткізілді.

02.03.2023 0

А. ж. 2 наурыз күні ҚР Парламент Сенатында «2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы жобасының таныстырылымы өткізілді. Шараға ҚР Парламент Сенатының депуттары мен мүдделі мемлекеттік органдарының өкілдері қатысты.

Заң жобасы 2023 жылға арналған бюджет көрсеткіштерін нақтылауға байланысты әзірленіп, өңірлердің инфрақұрылымын дамытуға, газ және жылумен жабдықтау құбырларын жаңғыртуға, еліміздің транзиттік әлеуетін дамытуға, экономиканың нақты секторын және басқа да салаларды өркендетуге бағытталып отыр.

Жиын барысында Н. Бекназаров Энергетика министрлігімен елдің қолданыстағы газ тасымалдау жүйесін жаңғыртуға бағытталған жобаларды қайта қарастыру аясында бөлінген қаражатты қысқарту немесе басқа жобаларға ауыстыру мәселесі қаралып жатқанын айтты.

Соның ішінде Шымкент қаласы аумағында орналасқан Қайнарбұлақ саяжайын табиғи газбен қамтамасыз ету мәселесіне, осы елді мекендегі халықтың және әлеуметтік объектілердің санын ескере, аса назар аударып мүқият қарау қажет екендігін атап өтті.

Бөлісу