Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

А.ж. 4 сәуірінде Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшелері ҚР ІІМ басшылығымен бірлесе отырып көшпелі отырыс өткізді.

04.04.2023 0

А.ж. 4 сәуірінде Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшелері ҚР ІІМ басшылығымен бірлесе отырып,  Астана қаласының құқық қорғау органдарының қызметімен, жүргізіліп жатқан жұмыстың сапасы мен нәтижелерімен танысу, полицияның сервистік моделін енгізу, материалдық-техникалық қамтамасыз ету және тағы басқа мәселелер бойынша көшпелі отырыс өткізді.

Н. Бекназаров Президенттің тапсырмаларын орындау мақсатында құқық қорғау органдарын реформалау бойынша іс-шаралар алынып жатқанын атап өтті. Тапсырмалардың бірі, қазақстандық полицияның сервистік модельге көшуінің ұлттық стратегиясын енгізу. Негізгі мақсаты - азаматтардың ішкі істер органдарына деген сенімін нығайту, қауіпсіз өмір сүру жағдайларын жасау, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және заңдылықты сақтау бойынша көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру болып табылады. Мұндай кездесулер бірінші рет өткізіліп жатқан жоқ, осы уақытқа дейін басқа өңірлерде де өткізілді. Жоспарда басқа аймақтарға барып, мемлекет Басшысы тапсырмаларының орындалуын бақылап, депутаттар тарапынан қандай заңнамалық қолдау қажет екенін айтты.

Бөлісу