Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

«Шымқала» тарихи-мәдени кешенінде (Цитадель) археологиялық нысанның жұмысымен танысу

05.07.2023 0

Сенаторлар Нұрлан Бекназаров және Айгүл Қапбарова Шымкент қаласына іс-сапар барысында ашық аспан астындағы «Шымқала» тарихи-мәдени кешеніне барып (Цитадель) археологиялық нысанның жұмысымен танысты. Шымкент қаласы ортағасырлық бекінісінің орны сақталған елдегі жалғыз көне қала.

Бұрынғы тарихи қамалдың орнын қайта жаңғырту жұмыстары 2019 жылы басталған.

Қалашықтың жалпы аумағы 8,5 га жерді қамтиды. Оның 4 га жеріне археологиялық зерттеу жұмыстары, консервациялық және реставрациялық жұмыстар жүргізілген. Бұл археологиялық нысанның түпнұсқасы, бастапқы келбеті мен бекініс жүйесі тарихи қалпына келтірілді. Қазіргі таңда кешеннің 0,5 га аумағына археологиялық қазба жұмыстары мен реставрациялау жұмысы жүргізу жоспарлануда.

«Шымқала» тарихи-мәдени кешенінің қызметкерлері мәдени, тарихи және этнографиялық құндылықтарды сақтау, ғылыми зерттеу және жинақтау, экспозициялық көрме жұмыстары мен ғылыми-ағартушылық міндеттерді атқарып келеді. Бүгінгі күні кешен шетелдік және жергілікті туристердің ең көп келетін орнына айналған.

Кешен қызметкерлері сенаторларға Шымкент қаласының тарихынан сыр шертетін құнды жәдігерлердің барлығы қазіргі таңда Түркістан облысына қарайтын мұражайда қалып қойғанын, сондай-ақ Шымкент қаласына тиесілі жәдігерлерді көшіріп әкеліп, арнайы нормативтерге сәйкес сақтайтын ғимарат жоқтығын жеткізіп, мұражай салу жөнінде өтініш-тілектерін білдірді.

-         Ортағасырлық бекінісі бар Шымкент қалашығын зерттеу әлі де жалғасуда. Ұлы Жібек жолы бойындағы негізгі тарихи танымдық туристік бағытына айналып отырған мәдени кешеннен табылған жәдігерлерді сақтайтын мұражай салу мәселесі өте өзекті. Біз бұл мәселенің шешілуіне жіті назар аударатын боламыз,- деді сенаторлар.

Бөлісу