Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Сенаторлар "Сайрам" тұрғын алабының халқымен кездесті

07.07.2023 0

Сенат депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова Шымкент қаласындағы Сайрам тұрғын алабының тұрғындарымен кездесті.

Сайрам шамамен 2,5 мың га аумақта орналасқан, тұрғындарының саны 36,7 мың адамды құрайды. 13 мектеп, 7 балабақша, қалалық емхана, мәдениет үйі және драма театры қызмет етеді. Елді мекен толығымен электр және табиғи газбен, ауыз сумен 95 пайызға қамтамасыз етілген.

Кездесу барысында сенаторлар мемлекет Басшысының бастамасы бойынша елімізде жүргізіліп жатырған реформаларды заңнамалық қамтамасыз етуге қатысты Сенатта атқарылған жұмыстар мен мақұлданған заңдардың маңыздылығы бойынша қысқаша тоқталып өтті.

Тұрғындар депутаттармен проблемалық өз мәселелерімен бөлісті: көше жолдарын жөндеу, инфрақұрылымды дамыту, тұрғын алапты абаттандыру және т.б.

Соның ішінде, көтерген мәселелердің бірі ауыз сумен қамту.

Бүгінде тұрғындар ауыз суды кестемен және тасымалдап тұтынып келеді. Қаладағы 81 елді мекеннің 78-і сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілсе, Сайрам тұрғын алабы ауыз суды кестемен тұтынып отырған үш елді мекеннің бірі. Былтыр сенатор А.Қапбарова Республикалық бюджетті қабылдаған кезде Сайрам елдімекеніне қосымша қаражат енгізу бойынша Республикалық бюджет туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізген болатын. Қазіргі таңда тиісті қаражат қаралып, Сайрам тұрғын алабына ауыз су тарту құбыры ІІІ кезең бойынша жүзеге асырылуда. Қазіргі сәтте жобаның І-ІІ кезең құрылысы жүруде. Сайрамдықтарды сапалы сумен қамтуға жалпы 5,2 млрд теңге бағытталған. Сенаторлар мен тиісті басқарма басшылары елді мекенді сапалы ауыз сумен толық қамту құрылысы осы жылдың соңына дейін аяқталып, пайдалануға берілетінін жеткізді.

Нұрлан Бекназаров өз сөзінде «Біздің қала өте қарқынды дамып келеді. Шымкенттің мегаполистің барлық тұрғындары үшін ыңғайлы болуы өте маңызды», - деп атап өтті.

Бөлісу