Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Депутаттар «Тұран» шағынауданында салынып жатқан Оқушылар сарайының құрылыс алаңында болып, жұмыс қарқынын қадағалады.

11.07.2023 0

Сенаторлар Н.Бекназаров және А.Қапбарова Шымкент қаласындағы «Тұран» шағынауданында салынып жатқан Оқушылар сарайының құрылыс алаңында болып, жұмыс қарқынын қадағалады.

2022 жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қаласында жұртшылықпен кездесуде демографиялық өсімді ескере отырып, қала әкімдігіне 2025 жылға дейін жаңа Оқушылар сарайын салуды тапсырды.

Заманауи талапқа сай бой көтеретін ғимаратта оқушылардың сабақтан тыс уақытта әр түрлі үйірмелерде шығармашылық, спорттық, ғылыми, мәдени бағытта дамуына барлық жағдай жасалады. 3 блоктан тұратын 3 қабатты ғимараттың жалпы сыйымдылығы 500 орындық. Жобада 35 орынға арналған асхана, 80 көлікке арналған автотұрағы қарастырылған.

Сенаторлар жауаптыларға құрылыстың өндірістік кестеге сай жүргізілуін бақылауға алып, сапасыздыққа жол бермес үшін жұмыс барысында тиісті талаптарды назарға алу қажеттігін ескертті.

«Шымкент қаласында 2025 жылға дейін 3 оқушылар сарайы мен 8 өнер мектебі салынады. Бұл орталықтар өскелең ұрпақтың бос уақытын тиімді ұйымдастыруда, жан-жақты дамытуда маңызы зор болмақ» деп атап өтті А. Қапбарова.

«Қазақстан мемлекет тарапынан балаларға қамқорлық жасауға басымдық береді. Өткен жылдан бастап балалардың әл-ауқатының индексі енгізілді, өскелең ұрпақты лайықты дамыту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Балаларды тегін үйірмелер мен секциялармен қамтамасыз ету мақсатында жаңа шаралар қабылдануда. Еліміз бойынша балалардың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамыту үшін кемінде 100 жаңа ірі нысан салынады. Бұл-оқушылар сарайлары, жас техниктер станциялары, балалар технопарктері, музыкалық және көркемсурет мектептері және т.б. мұндай шара мектептен тыс ұйымдардың балалардың тұратын жерінен қадамдық қолжетімділігін қамтамасыз етеді», - деді Н. Бекназаров.

Бөлісу