Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Сенат депутаттары Н.Бекназаров және А.Қапбарова Шымкент қаласында Тұран шағын ауданы 29 орамның инженерлік инфрақұрылымымен танысты.

11.07.2023 0

Сенат депутаттары Н.Бекназаров және А.Қапбарова Шымкент қаласында Тұран шағын ауданы 29 орамның инженерлік инфрақұрылымымен танысты.

Шымкент қаласында бүгінгі таңда 50 мыңнан астам адам үй кезегінде тұр. Оның ішінде 10 мыңы көп балалы аналар, 18 мыңы әлеуметтік осал топтағы азаматтар. Қалада жыл сайын 25 көпқабатты үй салынып пайдалануға берілуде. Қазіргі таңда 324 пәтердің кілті тапсырылса жыл соңына дейін тағы да 1405 пәтер беріледі деп күтілуде.

Тұран – 2 шағын ауданы 29 орамда көпқабатты 25 тұрғын үй (1424 пәтер, 107,8 мың ш.м.) орналасқан. Бүгінгі таңда, кредиттік бағытта 21 тұрғын үй, арендалық бағытта 4 тұрғын үй толығымен пайдалануға тапсырылған.

Аталған тұрғын үйлерді инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етумен арнайы мекеме айналысуда. Бүгінгі күнге, 29 орамда орналасқан барлық тұрғын үйлер инженерлік инфрақұрылыммен толығымен қамтылған. Қазіргі таңда тұрғын үйлердің аумағын абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде. Бекітілген өндірістік жұмыс кестесіне сәйкес, аталған орамның абаттандыру жұмыстары ағымдағы жылдың тамыз айына дейін толығымен аяқталып, пайдалануға тапсыру жоспарланған.

Бүгінгі күнде жалпы 25 тұрғын үйдің 5 тұрғын үйіне тұрғындар қоныстанған, 20 тұрғын үйді ағымдағы жылдың тамыз-қыркүйек айында тұрғындарға үлестіру жоспарланған. Әлеуметтік пәтерлер көп балалы және аз қамтылған отбасыларға берілді. Сонымен қатар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар да осында тұрады.

Сенаторлар Шымкент қаласында тұрғын үйдің сапасы мен инженерлік инфрақұрылыммен қамту бойынша тұрғындардан көп арыз-шағым түсетінін айтып, салынып жатқан үйлердің сапасын жіті қадағалау қажеттігін тапсырды.

Сонымент қатар, депутаттарға бұрын бес жылға жастарга арендаға берілген үйлердің мәселесі әлеуметтік проблемаға айналып отырғаны айтылды. Өйткені жалдамалы үймен баспаналы болған 3000 мыңға жуық жастардың пәтерлерін қайтару мерзімі жақындап келеді. Бұл мәселені жастар сенаторлардан үкіметтік деңгейде шешілуін сұрады.

-       Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Көпбалалы аналардың жағдайы – әлеуметтік саланың көрсеткіші» екенін атап өтіп, оларды қолдау мақсатында Үкіметке үш жыл ішінде кезекте тұрған аз қамтылған көпбалалы отбасыларға тұрғын үй беру мәселесін шешуді тапсырған, – деп атап өтті Н. Бекназаров. – Қалада тұрғын үйлердің құрылысы қарқынды жүргізілуде.

Бөлісу