Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Сенатор Н. Бекназаров а. ж. 22 қыркүйегінде Алматы қаласында «Қазақстан Республикасының Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстері жаңа конституциялық өлшемде» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.

22.09.2023 0

Сенатор Н. Бекназаров а. ж. 22 қыркүйегінде Алматы қаласында «Қазақстан Республикасының Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстері жаңа конституциялық өлшемде» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.

       Конференцияға ҚР Парламентінің депутаттары, Конституциялық және Жоғарғы соттың төрағалары мен судьялары, ҚР Бас Прокуратураның, Әділет және ІІМ  министрліктерінің өкілдері, сондай-ақ Қазақстан, Армения, Беларусь, Ұлыбритания, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан және ЕҚЫҰ-ның құқық және мемлекет саласындағы жетекші сарапшылары қатысты.

      Н. Бекназаров өз сөзінде Парламент Сенаты жүргізіліп отырған Конституциялық реформаларды заңнамалық түрде қолдап, алдағы уақытта да мемлекеттік органдар және заң саласындағы тәжірибелі сарапшы мамандармен бірлесіп, қоғамға қажетті заңдардың қамтамасыз ететін жеткізді.

      Сонымен қатар, Н. Бекназаров Мемлекет басшысымен Әділет министрлігіне «іс жүзінде қолданылмайтын немесе сот төрелігіне кедергі келтіретін артық-ауыс нәрсенің бәрінен арылу» үшін Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстерді мұқият саралау туралы тапсырма бергенін атап өтті. Үкімет ағымдағы жылдың сәуір айында Мәжіліске Қылмыстық, Қылмыстық-процестік, қылмыстық-атқару кодекстерін оңтайландыруға бағытталған заң жобасын енгізді, бүгінгі таңда Парламент депутаттары құқық саласындағы сарапшылармен бірлесіп осы заң жобасын қарауда.

       Соңында сенатор ұйымдастырушыларға жоғары деңгейдегі іс-шараны өткізгені үшін алғысын білдіріп, сондай-ақ осындай диалог алаңы конференцияға қатысушыларға Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстерін жетілдіру мәселелерін сындарлы талқылауға, пікір алмасуға және олардың тиімділігін арттырудың оңтайлы жолдарын анықтауға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Бөлісу