Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

А. ж. 5 қазанда сенатор Н.К. Бекназаров Палата отырысында бір топ Сенат депутаттарының депутаттық сауалын жариялады. Депутаттық сауалда аз қамтылған отбасылары оқушыларын ыстық тамақпен, мектеп формасымен, сондай-ақ оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету мәселелері қозғалды және тиісті заңнамаға қажетті түзетулер енгізуді ұсынды.

05.10.2023 0

Мемлекет басшысы бұл мәселені бірнеше рет атап өтіп, мектеп оқушыларының жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасау жөнінде нақты тапсырмалар берген.

Депутаттың сөзі бойынша 2021 жылы аталған санаттағы балалардың саны 6 586 болса, биылғы жылы олардың саны 18 мыңнан асты.

Соңғы 2 жылда еліміз бойынша жекеменшік мектептер саны 3 есеге, ал балалар саны 4 есеге артты.

Бүгінгі таңда жоғарыда аталған балалар тобына мемлекет тарапынан тиісті әлеуметтік қолдау көрсету тетігі қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерде көрсетілмеген.

Осыған байланысты, жекеменшік мектептерде әлеуметтік көмек көрсетуге мұқтаж санаттағы оқушыларды қаржыландыру үшін тиісті нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізу қажеттілігі туындап отыр.
Бөлісу