Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

ҚР Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Ж. Асановтың жетекшілігімен Финляндияның Әділет канцлері Туомас Пойстимен кездесу өтті

21.11.2023 0

Н. Бекназаров Сенат Төрағасының орынбасары Ж. Асановтың жетекшілігімен өткен Финляндияның Әділет канцлері Туомас Пойстимен кездесуіне қатысты.

Төраға орынбасары өз сөзінде Финляндия Қазақстанның Еуропалық Одақтағы маңызды әріптесі болып табылатынын атап өтті және біздің елдеріміздің халықаралық негізгі мәселелер бойынша көзқарастары ортақ екенін айта келіп, БҰҰ, ЕҚЫҰ және басқа да халықаралық ұйымдар аясында тығыз ынтымақтастық жүргізіп келе жатқанын атап өтті.

Тараптар кездесу барысында Қазақстан Президентінің бастамасымен жүргізіліп жатқан саяси және экономикалық реформаларға қатысты мәселелерді талқылады. Төраға орынбасары канцлерге елімізде жүзеге асып жатқан «Әділетті Қазақстан» тұжырымдамасы туралы айтты. Оның мақсаты саяси жүйені трансформациялау және барлық салаларда әділеттілік қағидатын енгізу, сондай-ақ жүргізіліп жатқан саяси және экономикалық реформаларды заңнамалық қамтамасыз етудегі Парламенттің маңызды рөлін белгілеу болып табылады.

Туомас Пойсти өз кезегінде екі ел ынтымақтастығының маңызын жоғары бағалады және олардың тарапы Қазақстанмен өзара қарым-қатынасты нығайту мен дамытуға дайын екенін атап өтті.

Бөлісу