Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

А.ж. 4 қаңтарда Шымкент қаласына жұмыс сапары аясында сенаторлар Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі Нұржан Әбдезовпен кездесті.

04.01.2024 0

А.ж. 4 қаңтарда Шымкент қаласына жұмыс сапары аясында сенаторлар Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі Нұржан Әбдезовпен кездесті.

Шымкент қаласындағы өкілдік ашылғалы бері Адам құқықтары жөніндегі өкілге 200 ден астам арыз-шағымдар түскен. Н. Әбдезов өз қызметін жүзеге асыру кезінде заңдылық, әділдік, бейтараптық, жариялылық пен ашықтық қағидаттарын басшылыққа алатынын, атқарылып жатқан жұмыстар азаматтардың құқықтары мен бостандықтардың қорғауға мемлекеттік кепілдіктің қамтамасыз ету тиімділігін арттыратынын атап өтті.

Сенатор Нұрлан Бекназаров өз кезегінде Президенттің бастамасымен Адам құқығын қорғау саласында маңызды қадамдар жасалғанын атап өтті.

Айгүл Қапбарова тиісті мемлекеттік органдардың тығыз өзара іс қимылы ғана азаматтардың құқықтарын тиімді қорғауды қамтамасыз ететініне назар аударды.

Депутаттар өкілмен бірге келіп түскен шағымдар негізінде, әсіресе қоғамның түрлі топтарының,  мүгедектігі бар жандардың, балалардың, басқа әлеуметтік осал топтардың құқықтарын қорғауды жетілдіру бойынша пікір алмасты.

 

Сол күні депутаттар Шымкент қаласындағы «№3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының жұмысымен танысты. Орталық 3 бағытта қызмет көрсетеді:

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа дұшар болған өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарға (отбасыларға), Адам саудасының құрбандарына және Террористік белсенділік аймақтарынан қайтып келген әйелдер мен кәмелетке толмағандарды дерадикаландыру және оңалту. Былтыр тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша жалпы орталыққа 645 жан жүгінді.

Сенаторлар тұрмыстық зомбылыққа тап болған аналармен жүздесіп, олардың жай күйімен танысты.

Отбасындағы зорлық зомбылық қоғамдағы келеңсіз және өзекті мәселе болып тұр. Мұндай заңсыз әрекет жасағандар лайықты жазасын алуы тиіс. Отбасы құндылықтарын қалыптастыру қоғам үшін маңызды міндет. Ана мен баланы қорғау біздің комитеттің басты міндеттерінің бірі деді - Әлеуметтік мәдени даму және ғылым комитетінің мүшесі А. Қапбарова.

“Біз тұрмыстық зорлық зомбылық үшін жауапкершілікті күшейту бойынша жұмысты үнемі  жүргізіп отырамыз.  Қазақстанда тұрмыстық зорлық зомбылықтың алдын алу туралы Заң алғаш рет 2009 жылы қабылданды. Осыдан кейін заңға бірнеше рет өзгертулер енгізілді, олар әр уакытта жауапкершілікті күшейтеді. Тараптардың қайта татуласуын болдырмау камауға алу бас бостандығынан шектеу жөніндегі шараларды қатаңдату бойынша өзгерістер қабылданды, - деп қорытындылады Н. Бекназаров.

Бөлісу