Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

А. ж. 5 қаңтарда Сенат депутаттары Н. Бекназаров және А. ҚапбароваШымкент қаласына іс сапар барасында «А-2 айналма жолы» құрылысы барысымен танысты.

05.01.2024 0

Шымкент қаласының агломерациялық әлеуетін ескерсек, қалада тұрып жатқан  халық саны ресми статискадан да жоғары болуы мүмкін. Сол себепті де мегаполистің транзиттік көлемін  арттыру аса маңызды - деді сенаторлар Н. Бекназаров және А.Қапбарова Шымкент қаласына іс сапар барысында.

Сенаторларға қала тұрғындары көлік құралдарының көбеюіне байланысты, жолдардың көліктерді өткізу қабілеті төмендеп, көлік кептелістері артқанын айтып шағымдануда.

Депутаттар іс сапар барасында «А-2 айналма жолы» құрылысы барысымен танысты.

 Шымкент қаласы Өзбекстан-Ресей транзиттік жолының торабында орналасуына байланысты ауыр жүк көліктерінің ағымы қала аумағымен қатынайды. Тәулігіне «Шымкент-Ташкент» бағытында 32 мың, «Шымкент-Түркістан» бағытында 14 мыңнан астам және «Шымкент-Алматы» бағытында 15 мыңнан астам көлік қатынайды.  Оның ішінде 17 мыңнан астамы ауыр жүк көліктерін құрайды.

Депутаттар құрылыс басында қаладағы магистралды және айналма жолдарды салудың маңызы және жолдардың сапасын жақсарту мәселесін сала басшыларымен талқылады. 8 кезеңнен тұратын құрылыстардың алғашқы кезеңдері аяқталған. Алайда магистралды және транзиттік айналма жолдардың құрылыстарын толық аяқтауға 2024 жылға республикалық бюджеттен 10,2 млрд. теңгеге қажеттілік туындап отыр.

Депутаттар бюджетті нақтылау барысында аталған мәселені тиісті ведомстволармен бірге пысықтайтынын жеткізді.

Сонымен қатар, депутаттар Шымкент қаласында жаңадан пайдалануға берілген өрт сөндіру депосына барды.

Жергілікті атқарушы органның бюджет есебінен салынған нысан, үш қабатты өрт сөндіру депосынан тұрады.

Әкімшілік ғимаратта кризистік және ситуациялық  орталықтары, бірыңғай диспетчерлік қызмет, оқу сыныптары, мәжіліс залы, жұмыс кабинеттері орналасқан.

Өрт сөндіру депосында құтқарушылар үшін барлық жағдай жасалған:  оқу сыныбы, демалыс, жатын, ас бөлмелері,  спорт және мәжіліс залы, техникалық үй-жайлар, сондай-ақ жеке құрамның кәсіби даярлығын арттыру үшін оқу-жаттығу мұнарасы  қарастырылған.

Өрт сөндіру бөлімі заманауи техникаларымен қамтамасыз етілген және қаланың 18 шағын ауданының өрт қауіпсіздігін  қамтамасыз етіп, оқиға орнына жету уақытын қысқартуға және төтенше жағдайларды жою жұмыстарының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Сенаторлармен кездесу барысында ел қауіпсіздігі үшін тер төгіп жүрген төтенше жағдайлар министрлігі құрамындағы азаматтық қорғау органдарының қызметкерлеріне қызметтік тұрғынжай беру немесе тұрғын үй төлемдерін аудару «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңда қарастыру туралы өтініш айтылды. Мемлекет тарапынан мұндай  әлеуметтік қолдау аталған салада кадрлардың тұрақтауына, қызмет сапасын арттыруға оң әсерін тигізетінін атап өтті.
Бөлісу