Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

«Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасы: жай-күйі және одан әрі даму жолдары» тақырыбындағы Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті отырысы

30.01.2024 0

Ағымдағы жылғы 30 қаңтарында Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің «Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасы: жай-күйі және одан әрі даму жолдары» тақырыбына арналған отырысы өтті.

Іс-шара Парламент Сенаты Төрағасының тапсырмасына сәйкес, осы саланың мәселелерін талқылау мақсатында, өткізілді.

Отырыс барысында азаматтық заңнаманың жай-күйі мен одан әрі даму перспективаларын, сондай-ақ заң шығармашылық қызметі барысында туындаған бірқатар өзекті мәселелер талқыланып, құзырлы органдардың, ғалымдар мен сарапшы мамандардың пікірлері тыңдалды.

Нұрлан Бекназаров өз сөзінде Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі барлық мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды реттеудің құқықтық негізі және кең ауқымды жеке-құқықтық қатынастар тізімін реттейтін жүйелі заң болып табылатынын, және де қазіргі замандағы қауіп-қатерге жауап беру үшін жетілдіруді қажет ететінін атап өтті.

 

Сонымен қатар, «Азаматтық кодекстің құрылымын егжей-тегжейлі зерделеу және талдау бойынша ауқымды жұмыс атқаруға тура келеді. Бүгінгі шараны Қазақстанның азаматтық заңнамасын жетілдіруге бағытталған маңызды қадамдардың бірі ретінде қарастыруға болады», - деді Н. Бекназаров.

Кездесуге ҚР Парламенті Сенатының депутаттары, Жоғарғы Соттың, салалық министрліктердің, Парламентаризм Институтының сондай-ақ еліміздің заңгерлер қауымдастығының және сарапшылар өкілдері қатысты.
Бөлісу