Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының жанындағы жергілікті өкілді органдармен (мәслихаттармен) өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес отырысы

26.01.2024 0

Ағымдағы жылғы 26 қаңтарында Сенат Төрағасының төрағалығымен Сенат жанындағы Жергілікті өкілді органдармен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі кеңестің отырысы өтті.

Іс-шараға Сенат депутаттары, мемлекеттік органдардың басшылығы және онлайн-форматта еліміздің барлық өңіріндегі мәслихат депутаттары қатысты.

Өз сөзінде М. Әшімбаев Кеңестің бұған дейінгі отырыстарда белгіленген міндеттер бойынша атқарылған істер жөнінде айтты, және алдағы бірлескен жұмысты тиімді жүзеге асырудың нақты тетіктеріне тоқталды. Сондай-ақ, заң шығару қызметімен бірге өңірлердегі проблемаларды бірлесіп шешу, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару жүйесін дамыту, заңдардың аймақтарда орындалу барысын бақылау, сондай-ақ, мәслихаттарға методикалық және материалдық-техникалық қолдау көрсету бағыттары бойынша Сенат пен жергілікті өкілді органдар арасындағы өзара іс-қимылды нәтижелі жүзеге асыру мәселелері сөз болды.

М. Әшімбаев бұл істе Мемлекет басшысы Жолдауда белгілеп берген экономикалық саясаттың жаңа үлгісіне көшу мәселесіне қатысты міндеттердің маңызды екеніне назар аударды.

Кеңес отырысының қорытындысы бойынша заң шығару қызметінде және басқа да маңызды бағыттарда барлық деңгейдегі депутаттардың күш-жігерін біріктіріп, бірлескен жұмысты одан әрі жандандырудың маңызды екені айтылды.
Бөлісу