Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Сенатор Қожамжаров Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұланының басшығымен кездесу өткізді

26.08.2020 0

Сенатор астаналық бригаданың әскери қызметшілерінің материалдық-техникалық жабдықталуымен, қазармалық-тұрғын үй қорымен, қаруландырылуымен және жабдықтарымен танысып, сондай-ақ Ұлттық ұлан басшылығымен кездесу өткізді.

Ұлттық ұланның әскери әзірлігі мен әскери қабілеттілігін қамтамасыз ету мәселелері, оған жүктелген негізгі міндеттер, сондай-ақ коронавирус пандемиясы жағдайында қызметті өткеру ерекшеліктері жан-жақты талқыланды.

Айта кетсек, 5573 әскери бөлімі 2007 жылы Үкіметтің шешімімен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, жаппай тәртіпсіздіктерді болдырмау, төтенше немесе соғыс жағдайының құқықтық режимін қамтамасыз ету, сондай-ақ табиғи, техногендік және әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою іс-шараларына қатысу мақсатында құрылды.

Кездесуде тек астаналық бригаданың ғана емес, сондай-ақ жалпы Ұлттық ұланның сапалы жұмыс істеуін қамтамасыз етудің проблемалық мәселелері қозғалды. Мәселен, ведомство басшылығының ақпараты бойынша жыл сайынғы қаражатпен толық қамсыздандырмау әскерлердің материалдық-техникалық қамтамасыз етілуіне және инфрақұрылымына, сондай-ақ әскери қызметшілерді әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелеріне теріс әсер етеді.

Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру тәртібі әңгіменің бөлек тақырыбы болды. Ол бойынша бригада басшылығы қабылдаған шаралар туралы баяндама тыңдалып, нәтижесінде  мүдделі ведомстволармен үйлестірілген жұмысты жалғастыру ұсынылды.

Сенатор өз кезегінде әскерлердегі әскери тәртіп, кадрлармен қамтамасыз ету, сондай-ақ бұдан бұрын Сенаттың профильді Комитетінің отырысында қаралған әскерге шақырылушылар контингентінің моральдық-психологиялық деңгейі мәселелеріне тоқталды.

Заңнамалық жаңарулар, атап айтқанда Парламенттің ағымдағы жылғы мамырда Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аймақтар мен тыйым салынған аудандар туралы заңды қабылдауына байланысты көзделген талаптар туралы пікір алмасылды.

Бүгінгі кездесудің тақырыбына айналған мәселелерді қорытындылай келе, Қайрат Қожамжаров мемлекеттік қорғаныс тапсырысын қалыптастыру кезінде келісілген ұстанымды одан әрі пысықтап, зерделеуді және алдағы үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджетті қабылдауды қажет ететінін, оған депутат тарапынан заң шығармашылық процесі барысында жан-жақты көмек көрсететінін атап өтті.

Бөлісу