Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Сенаты

Новости

Үндістан мен Пәкістан Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер арасындағы Келісім шеңберінде бірлескен әскери оқу-жаттығуларға қатысатын болады

01.10.2020 0

2020 жылғы 1 қазанда Сенатта «2007 жылғы 27 маусымдағы бірлескен әскери оқу-жаттығулар өткізу туралы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер арасындағы келісімге толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Заң қабылданды.

Енді Үндістан мен Пәкістан Ислам Республикасына бірлескен әскери жаттығуларға қатысуға мүмкіндік берілді.

Сенатор Қайрат Қожамжаров аталған Заң жобасы бойынша баяндама жасап, Еліміздің егемендігіне қол жеткізу жаңа геосаяси жағдайларда жүзеге асырылғанын атап өтті.

Мемлекет мүдделеріне тікелей және жанама әсер ететін халықаралық үрдістер еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сыртқы саяси Доктринасында терең сипатталып ескерілгенін және өңірлік қауіпсіздікті нығайту мақсатында Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше болу оның маңызды саяси шешімі екенін атап өтті.

Содан бері Ұйымның берік институционалдық негізі қаланды, шарттық-құқықтық базасы қалыптасты.

2017 жылы Астана қаласында Үндістан мен Пәкістанның Ұйымға кіруі оның өңірлік өсуінің және үдемелі жаһандық ықпалының айғағы болды. Енді Ұйымның жауапкершілік саласы 3 миллиардтан астам халқы бар аумақты қамтиды.

Сонымен қатар, Қ.Қожамжаров ұсынылып отырған ратификациялау туралы Заң жобасы қауіпсіздікті нығайту құралы ретінде ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің әскери тәжірибесінің ынтымақтастығын күшейтеді деп атап өтті.

Бөлісу