Қ.Қожамжаров Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің отырысында «1994 жылғы 9 қыркүйектегі Еуразиялык патент конвенциясына Өнеркәсіптік үлгілерді қорғау туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Заң жобасын қарады.
Депутат Қ.П.Қожамжаров – Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі «1994 жылғы 9 қыркүйектегі Еуразиялык патент конвенциясына Өнеркәсіптік үлгілерді қорғау туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Заң жобасын Комитеттің отырысына шығарды.
Қ.П.Қожамжаров Заң жобасының зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласын жетілдіруге және Еуразиялық одақ аумағында біздің өнертапқыштарымыздың құқықтарын қорғау үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталғанын атап өтіп.
Баяндама барысында сондай-ақ, аталған Заң жобасы сегіз мемлекет арасында патент алу жүйесін жақсартуға мүмкіндік беретінін және әкімшілік кедергілерді азайтатынын ескертті.
Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті отырысының қорытындысы бойынша ҚР Заңының жобасы Бас комитетке ұсыныстар мен толықтыруларсыз жіберілді.