Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Сенатор Ғ. Дүйсембаев ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева мен Аз ұлттар істері жөніндегі ЕҚЫҰ Жоғарғы комиссары Ламберто Заньердің кездесуіне қатысты.

02.09.2019 0

ЕҚЫҰ Қазақстанмен жасасқан ынтымақтастыққа үлкен мән береді

 03.09.2019 81

Парламент Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева Аз ұлттар істері жөніндегі ЕҚЫҰ Жоғарғы комиссары Ламберто Заньерді қабылдады.

Тараптар осы саладағы Қазақстан мен ЕҚЫҰ ынтымақтастығы мәселелері бойынша пікір алмасты.

Одан әрі ынтымақтастық жасасудың келешек бағыттары – «Көп ұлтты қоғамдағы полицейлік қызметі» жобасы, цифрлық БАҚ, қоғамды ақпараттандыру ахуалындағы мәдени өзгеріс.

Д.Назарбаева Қазақстан әртүрлі этностардың тілінде оқытылатын мектептерде ана тілін және мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін арттыруға ықпал ететін Орталық Азиядағы білім беру бағдарламасын жоғары бағалайтынын атап өтті. «Мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі жыл сайын артып келеді. Біз практикалық ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға мүдделіміз», - деді Сенат Төрағасы.

Жоғарғы палата басшысы үш тілді саясатты ескере отырып, Тілдерді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында ұлттық және жексенбілік мектептердің қызметіне қолдау жүргізіліп отырғанын айтты. Сондай-ақ, Д.Назарбаеваның пікірінше заманауи геосаяси жағдайда көп тіл білу – жаңа мүмкіндіктер мен бәсекеге қабілетті бола алу басымдылығын береді.

Парламентаралық ынтымақтастықты сөз ете отырып, Сенат басшысы ЕҚЫҰ Парламентаралық Ассамблеясы аясында Сенат жұмысын күшейту қажеттігін атап өтті.

Л.Заньер ЕҚЫҰ Қазақстанмен жасасқан ынтымақтастыққа үлкен мән беретінін және Ұйымның әрбір мүшесі оның қозғаушы күшіне айналуы керек екенін атап өтті.

 
Бөлісу