Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Ғ. Дүйсембаев ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының 20-шы қысқы отырысына қатысып, ЕҚЫҰ ПА экономикалық мәселелер, ғылым, технология және қоршаған орта жөніндегі жалпы комитетінің отырысында сөз сөйледі.

26.02.2021 0
Ағымдағы жылғы 24-26 ақпанда бейнеконференция байланысы форматында ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының 20-шы қысқы отырысы өтті.
Форум шеңберінде тұрақты комитеттің, Ассамблеяның үш жалпы Комитетінің (Саяси мәселелер және қауіпсіздік; экономикалық мәселелер, ғылым, технология және қоршаған орта; Демократия, адам құқықтары және гуманитарлық мәселелер бойынша) отырыстары, сондай-ақ үш комитеттің бірлескен отырысы өткізілді.
Жалпы комитеттердің күн тәртібінде ЕҚЫҰ ПА 29-шы жыл сайынғы сессиясында (2021 ж.6-10 шілде) олардың баяндамаларының идеялары мен тұжырымдамаларын ұсыну бойынша комитеттер баяндамашыларының сөз сөйлеуі қарастырылды.
Қысқы отырысқа Сенат депутаттары - ЕҚЫҰ ПА-дағы ҚР Парламенті делегациясының мүшелері қатысты:
- А. О. Шәкіров (тұрақты комитеттің, Саяси мәселелер және қауіпсіздік жөніндегі жалпы комитеттің отырыстары);
- А.Ш. Әлназарова  (Демократия, адам құқықтары және гуманитарлық мәселелер жөніндегі жалпы комитеттің отырысы);
- Дюсембаева г .И. (Экономикалық мәселелер, ғылым, технология және қоршаған орта жөніндегі жалпы комитеттің отырысы);
- Қ.П.Қожамжаров (Демократия, адам құқықтары және гуманитарлық мәселелер жөніндегі жалпы комитеттің отырысы).
Бөлісу