Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы»

03.03.2021 0

«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының  Заңының жобаcы бойынша   Ғ. Дүйсембаевтың қосымша баяндамасы (3.03.21ж.)

 

Құрметті әріптестер мен шақырылғандар!

Бүгінгі қарауымызға Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының тобы әзірлеп, заң шығару бастамасы тәртібімен енгізген үш заң жобалары және  оның біреуі «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Конституциялық заң.

Жалпы қаралып отырған заң жобаларының негізгі мақсаты сот жүйесін әкімшілік әділет органдарының жаңа жағдайларына бейімдеу болып табылады.

Соның ішінде "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" Конституциялық заңда белгіленген Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының және облыстық соттардың қолданыстағы құрылымы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің міндеттеріне толық көлемде жауап бермейді. Заң жобасы конституциялық нормаларды барынша толық іске асыруды қамтамасыз етуге және қолданыстағы жекелеген құқықтық олқылықтардың орнын толтыруға бағытталған.

 

Заң жобасын қарау барысында комитет мүшелері тарапынан ескертулер мен ұсыныстар болған жоқ.  Аталғанды ескере отырып, заң жобасы бойынша оң қорытындыны бас комитеттің қарауына жіберуді ұсынамын.

Назарларыңызға рахмет!

Бөлісу