Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Сенаты

Новости

«Тұншықтыратын, улы немесе басқа да осыларға ұқсас газдар мен бактериологиялық құралдарды соғыста қолдануға тыйым салу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Заң жобасы бойынша Комитеттің кеңейтілген отырысы өтті.

28.01.2020 0

Сенаторлар «Тұншықтыратын, улы немесе басқа да осыларға ұқсас газдар мен бактериологиялық құралдарды соғыста қолдануға тыйым салу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасын да қарады.

Заң жобасы 1925 жылғы 17 маусымда Женевада қол қойылған Тұншықтыратын, улы немесе басқа да осыларға ұқсас газдар мен бактериологиялық құралдарды соғыста қолдануға тыйым салу туралы хаттаманы ратификациялауды көздейді.

Хаттаманың мақсаты тұншықтыратын, улы немесе басқа да осыларға ұқсас газдарды, сол сияқты әртүрлі осыған ұқсас сұйықтықтарды, заттарды және процестерді, сондай-ақ бактериологиялық соғысты жүргізу құралдарын соғыста қолдануға тыйым салуды белгілеу болып табылады.

Қазақстанның Бактериологиялық және химиялық соғысты жүргізу құралдарына тыйым салуда жалпыға бірдей саясатты қалыптастыру жөніндегі хаттамаға қатысушы мемлекеттермен ынтымақтастықта Хаттаманың маңызы зор.

Хаттаманың міндеті химиялық қаруды қолдануға тыйым салуды растау және бактериологиялық құралдарды соғыста қолдануға тыйым салуды халықаралық құқықтағы негізгі ереже ретінде белгілеу болып табылады.

Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Дана Нұржігітова Қазақстанның химиялық және биологиялық қауіпсіздікке байланысты халықаралық құқықтық міндеттемелерді толық тануы Хаттаманы ратификациялау екенін атап өтті және «біздің еліміздің жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау саласындағы сындарлы саясатын растауға қызмет етеді», - деді.

Комитет мүшелері Хаттаманы қарау барысында коронавирустың Қазақстан аумағына таралуына жол бермеу және ҚХР-дағы, оның ішінде Ухань қаласындағы қазақстандық студенттерге көмек көрсету жөніндегі мемлекеттік органдар қабылдаған шаралар туралы мәселелерді көтерді.

Заң жобалары Палатаның қарауына берілді.

Бөлісу