Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Сенаты

Новости

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне нормашығармашылықты жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы жөнінде» заңжобасы бойынша 18 ақпан күні өткен Сенат отырысында қойылған сұрақ.

18.02.2021 0

 

Менің сұрағым Әділет министрлігінің өкіліне:

Шын мәнінде «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» боламыз десек, мына бір жайтқа назар аударуымыз керек.

Өңірлерге  іс сапар барысында байқағаным: Халық қабылданып жатқан заңдардан көп жағдайда бейхабар. Яғни Парламентте қабылданған заң өңірлерге, халыққа жеткізілмейді. Кездесуде азаматтарымыздың көбісінің сұрағы алып-қашпа әңгімелерге негізделген. Сол себепті халыққа заңды ашық, қарапайым тілде түсіндіре алу және оны барынша тарату мәселесін күшейту қажет. 

Міне осының салдарынан әлеуметтік желідегі блогерлер, тәуелсіз сарапшылар заңды өз пайым-түсінігінің шеңберінде талдап, талқылап жатады. Ал, тиісті мемлекеттік органның түсіндірмесі, кешігіп барып, қоғам қызу талқылағаннан кейін ғана ресми түрде таратыла бастайды.

Енді бүгінгі заңжобасы қабылданғаннан соң, заңжобасының бастамашылары заңды түсіндіру және ақпараттық сүйемелдеу бағдарламасын Әділет министрлігінің келісімімен әзірлейді деп отырсыздар.

Осыған орай сұрақ: Бұл бағдарламаның орындалуын кім қадағалайды және оның орындалу механизімі қандай?

 

Бөлісу