Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Сенаты

Новости

Сенат отырысында «2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша қойылған сұрақ

19.05.2021 0

Менің сұрағым қазақстан мен ресей шекарасындағы өткізу пунктеріне қатысты, Қаржы министрлігіне, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне жолданады.

Транзиттік әлеуетті көтеру мақсатында жыл сайын республикалық және жергілікті автокөлік жолдарын дамытуға ауқымды қаражат бөлініп отырғандығы барлығымызға белгілі. Қарауымыздағы бюджетті  осы мақсатқа қосымша 140 млрд тенге қарастырылған.

Алайда, өткізу пунткеріндегі инфрақұрылымдардың ескіргендігінен мұндай жолдардың өткізу мүмкіндігі төмен және ол жерлерде ұзынан ұзақ автокөлік кептелісі пайда болады. Кәсіпкерлер шығынға ұшырайды. Сондай-ақ бұл жағдай шекара маңындағы халықты әбігерге салады.  

Осы орайда, Ерұлан Кенжебекұлына сұрақ Сізге:  Қаржы министрлігі қазақстан-ресей шекараларындағы өткізу пунктерін жаңғыртуды толық қаржыландыруға дайын ба? Және осы бюджетті нақтылау барысында өткізу пунктерін қайта жаңғыртудың бірінші кезеңіне қаражат қарастыруға мүмкіндік бар ма?

Бейбіт Бәкірұлы Сіз айтыңызшы, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі автокөлік жолдарының дамуы мен өткізу пунктерін жаңғырту мәселесін неге біріктіріп қарастырмайды? Сондай-ақ өткізу пунктерін жаңғырту жұмыстары Ресейдің Көлік министрлігіндегі әріптестеріңізбен  бірлесіп үйлестіріледі ме?

Бөлісу