Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Сенаты

Новости

Сенаторлар «Жер-2021» халықаралық командалық-штабтық оқу-жаттығуына қатысты

22.09.2021 0

 

Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшелері Н. Нұрсипатов пен Д. Нұржігітова 22 қыркүйек күні Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің бастамашылығымен Алматы облысында өткен «Жер-2021» халықаралық командалық-штабтық оқу-жаттығуына қатысты.

«Жер-2021» оқу-жаттығуы шеңберінде Алматы облысындағы қиратушы жер сілкінісі нәтижесінде туындаған төтенше жағдайды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын дайындау бойынша іс-шараларды пысықталды.

Оқу-жаттығуға орталық және жергілікті атқарушы органдардың жедел топтары тартылатын болады, сондай-ақ Өзбекстан Республикасы Төтенше жағдайларминистрлігі мен Қырғыз Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқару бөлімшелерінің қатысуы, ал бақылаушылар ретінде Алматы қаласындағы АҚШ Бас консулдығының өкілдері қатысты.

 

Бөлісу