Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Сенаты

Новости

Сенаттың жалпы отырысында Каспий теңізінің ортасын қорғауға қатысты сұрақ.

21.10.2021 0

Менің сұрағым Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің өкіліне арналады. (Энергетика министрлігі қажет болса жауап береді)

Каспий теңізінде экологиялық аппаттарды болдырмау, теңіз ортасын таза ұстау, сондай-ақ теңіз суының тартылуына жол бермеуге бағытталған жұмыстарға қатысты мынандай мәселеге назарларыңызды аудармақпын.

Қараусыз, иесіз қалған ескі  ұңғымаларды консервациялау мәселесі.

Осындай ұңғымалардың санын анықтап, оларды жоюға бағытталған бағдарлама 2010-2021 жылдар аралығанда жүргізіліп келеді.  Осы бағдарлама аясында анықталған 132 апаттық ұғыманың 126 бүгінде жойылған. Енді қалып отырған 6 ұңғыманы жою бойынша жасалатын жұмыстарға 2023 жылдың бюджетінде қаржы қарастырылады деп жоспарланып отыр. Бұл сұрақ Мәжілісте де көтіріліп, арнайы депутаттық сауал да жолданған.

Менің сұрағым: Кезең кезеңге бөлінген бұл жұмыстар бүгінде қай межеде  және осы жұмыстар аясында теңіз түбінде қалып отырған ұңғымаларды жою ескерілген бе?

Бөлісу